Ай мен Айша
Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романына қазақ елінің тарихи мекендерінің бірі Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданының Мыңбұлақ ауылында туып-өскен Барсхан деген баланың өмірі арқау болған. Ал шығармадағы негізгі кейіпкер — Барсханның анасы Айша. Күйеуі Мұртаза тұтқындалғаннан кейін үш баласымен қалып, колхоз дастыру науқанының құрбаны болған Айша ана арсыздықпен арпалысып, балаларының болашағы үшін күреседі. Айшаға күш беретін — Жаратушы, ал оны жұбататын — аспандағы Ай. Автор Ай мен Айшаның арасында тамаша рухани байланыс орнатқан.