Граф Монте-Кристо (1-2 том)
Басты кейіпкер — өкімет билігіне таластың тауқыметін тартып, жазықсыз жапа шеккен кедей жігіт Эдмон Дантес. Ол төңірегіндегі күншіл, арам ниетті жандардың жаласымен он төрт жыл жарық күнді көрмей Иф қамалында түрмеде отырады. Сүйген қызы жала жабушылардың біріне тұрмысқа шығып кетсе, ал әкесі аштан өледі. Түрмеде Дантес Фариа есімді науқас аббатпен танысады. Өлер алдында аббат оған Монте-Кристо аралында жасырған қазынасын мұраға қалдырады. Қамалдан қашып шыққан Дантес қалған өмірін кек алуға арнайды.