Оян, қазақ!
Міржақып Дулатұлы - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, Алаш қозғалысының белсенді қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің отарлық езгідегі мүшкіл жайын, патша өкіметінің озбыр саясатын, әділетсіз заманның ақиқатын ашу арқылы «ел мүддесіне қызмет ету - әрбір азаматтың парызы» деген тұжырым жасайды. Бұл көзқарас Міржақып шығармаларының өн бойына тартылған өзекті желі болғаны сөзсіз.