Қолма-қол ақшамен қалай төлеуге болады?

Жарияланды:
23 қыркүйек 2022
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
Қолма-қол төлемдер жайлы мифтерді жоққа шығарамыз және пайдалы кеңестермен бөлісеміз 😎

Тапсырысты рәсімдеу кезінде «Төлем» бөлімінен «Қолма-қол ақшамен» опциясын таңдаңыз.

Курьерлер – біздің серіктестеріміз және жеке кәсіпкерлер, сондықтан төлем қабылдағанда олар салық төлейді. Осы себепті біз тек қолма-қол төлеуді ұсынамыз.

Тапсырысты растау кезінде «Курьерге ескертулер» бөліміне қайтарылатын ақшаның сомасын көрсете аласыз. Егер сұрақтарыңыз болса — курьермен байланысу үшін біздің қолдау қызметімізге жазыңыз.

Сондай-ақ тапсырысты қолма-қол емес тәсілмен төлеуге болады. Тапсысты растау кезінде «Төлем» бөлімінен тіркелген картаны таңдаңыз немесе жаңасын қосыңыз. Қосымша негізгі банктік карталарды, сондай-ақ Apple Pay және Google Pay төлемдерін қолдайды.

Kaspi төлемі арқылы төлеу
Тапсырысты Kaspi арқылы төлеуге болады — жеткізу кезінде курьер сізге өзінің ID-н айтып береді, ал сіз төлемді Kaspi қосымшасындағы «Төлемдер» бөлімі арқылы жасай аласыз. Қалай төлеуге болады: - Kaspi қосымшасын ашыңыз - «Төлемдер» бөліміне өтіп, Wolt деп іздеңіз - Курьердің ID-сын енгізіңіз (оны курьер айтады) - Соманы енгізіп, төлем жасаңыз Болашақта ыңғайлы болу үшін картаңызды алдын ала қосып қойғаныңыз жөн: Профиль ➡️ Төлем әдістері ➡️ Жаңа картаны қосу 📲