Wolt серіктес-курьері бол да, өзіңе жұмыс істе! 🚙 💙

Жарияланды:

25 сәуір 2025

Leila

Батырлар командасына қосыл! 🦸🏻‍♂️

Біз батырларды іздейміз! Және айына 500 000 теңге дейін өз көлігіңізбен тиімді жалақы ұсынамыз 💥 Төменде суреттi басып, дәл қазір өтініш беріңіз – және ақша табуды бастаңыз!

Ең жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар 🚀

Осы суретті басып, өтініш беріңіз!

Одан да оңай – Wolt Partner қосымшасында тіркеліңіз (App Store немесе Google Play-де қол жетімді, қара белгішесі бар). Онда сіз өтініш беріп, жұмысқа кірісе аласыз!

Жұмыс үшін не қажет?

Жұмыс үшін не қажет?

Бар жоғы: 🚙 Өз көлігіңіз немесе кез-келген басқа көлік (мопед/велосипед) 📱 Интернетке шығатын Смартфон 📄 Құжаттар - жеке куәлік және құқықтар (автокөлік және мопед жүргізушілері үшін)

Сіз не ұсынасыз?

Сіз не ұсынасыз?

Ең бастысы – лайықты төлем және өзіңіз үшін жұмыс. Қашан және қайда жұмыс істеу керектігін, қанша ақша табу керектігін өзіңіз шешесіз. Жеткізуді негізгі табыс ретінде пайдалануға болады (айына 500 000 дейін) немесе қосымша – бос уақытында ақша табу. Wolt көмегімен сіз өзіңіз үшін толықтай жұмыс жасайсыз – және біз оған көмектесеміз. Серіктестік ресми болып табылады, сондықтан біз әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын төлейміз, сондай – ақ әрбір серіктес-курьер үшін жазатайым оқиғалардан сақтандыруды ұсынамыз. Сонымен қатар, сіз қорғаныс киімі, жеткізуге арналған сөмкелер түрінде сапалы жабдықты, сондай-ақ біздің мамандарымыздың жылдам қолдауын ала аласыз. Барлық жұмыс бір қосымшада.

Қанша ақша табамын?

Қанша ақша табамын?

Табыс көлік түріне, жұмыс уақытына, орындалған тапсырыстар санына, жол қашықтығына байланысты. Бізбен бірге айына 500 000 дейін ақша табуға болады! Тапсырыстарды қаншалықты көп орындағыңыз келсе, соғұрлым көп ақша табасыз.

Тарифтар жөнінде толығырақ айта аласыз ба?

Тарифтар жөнінде толығырақ айта аласыз ба?

Wоlt-та орындалған әрбір тапсырыс төленеді. Әр тапсырыс үшін төлемді сіз Wolt Partner қосымшасында белгілі бір тапсырысты қабылдамас бұрын көре аласыз. Біздің төлем әр түрлі факторларды, соның ішінде қашықтықты, ауа-райын және логистиканың басқа аспектілерін ескере отырып жасалады.

Жұмыс кестесі қандай?

Жұмыс кестесі қандай?

Міндетті кесте – жоқ! Сіз бүгін, ертең жұмыс істей аласыз, бірнеше күн үзіліс жасай аласыз – содан кейін қайтадан жеткізілімге ораласыз. Серіктестік шарттармен ынтымақтаса отырып, сіз кез келген уақытта жүйеге қосыла аласыз және өзіңізге ыңғайлы кезде ақша таба аласыз. Алайда, сіздің табысыңыз орындалған тапсырыстар санына байланысты екенін есте ұстаған жөн.

Қандай кезеңдерден өтемін?

Қандай кезеңдерден өтемін?

Өтініш бергеннен кейін сіз тіркеу кезінде енгізілген поштаға хат аласыз – сондықтан кіріс хаттар мен Спам папкасын тексеріңіз. Келісімшартты сәтті толтырып, сіз жабдықты алу үшін ыңғайлы күнді таңдай аласыз. Сізге қажет нәрсенің бәрін алғаннан кейін біз Сізге жүйеге кіруге жол ашамыз - ал сіз ақша таба бастайсыз!

Тапсырыстарды қалай аламын?

Тапсырыстарды қалай аламын?

Біздің барлық курьерлеріміз Wolt Partner қосымшасы арқылы жұмыс істейді - сондықтан оны бірден жүктеп алуды ұсынамыз! Ол тапсырыстар алуға және қабылдауға, кез келген уақытта онлайн шығуға, ал ең бастысы – өз табыстарыңызды нақты уақытта қадағалауға мүмкіндік береді. Тапсырыстарды алу біздің алгоритмімізбен анықталады. Ол ең ыңғайлы тапсырыс таңдайды сіз үшін. Қосымша сонымен қатар мейрамхананың, клиенттің нақты мекен-жайын көрсетеді. Карталар арқылы оңтайлы бағытты табуға көмектеседі. Кез келген уақытта сіз біздің қолдау қызметімізге жүгіне аласыз және бір минут ішінде ғана жауап ала аласыз.

Тапсырыс үшін кім төлейді?

Тапсырыс үшін кім төлейді?

Wolt-тегі тапсырыстардың көпшілігі қолма-қол ақшасыз төлеммен жүзеге асырылады. Бұл клиент тапсырыс беру кезінде оны төлегенін білдіреді, сондықтан оны алып, жеткізу керек. Қолма-қол тапсырыс жағдайда төлемді курьер тапсырысты клиентке тапсыру кезінде қабылдайды.

Төлем қалай жүргізіледі?

Төлем қалай жүргізіледі?

Жеткізу үшін төлемдер айына 4 рет. Тапқан сома тікелей банк картасына түседі! Сондықтан бір жерге барудың қажеті жоқ: әр апта сайын – сіздің шотыңызда ақша болады.

Мен қайда істеймін?

Мен қайда істеймін?

Әр қаланың өзіндік жеткізу аймағы бар. Сіз осы аймақта кез-келген жерінен шығып, жұмысқа кірісе аласыз. Бірақ мейрамханалар көп жиналатын орындарға қаншалықты жақын болсаңыз, соғұрлым көп тапсырыс алу мүмкіндігі жоғары болады.

Мен не жеткіземін?

Мен не жеткіземін?

90% жағдайда тамақ – бұл клиентке жеткізілуі керек шағын пакет. Әр тапсырыстың өз нөмірі бар, сондықтан мейрамханада тиісті тапсырысты алып, оны қажетті мекен-жайға жеткізу керек. Сирек жағдайларда сіз біздің дүкендерден тапсырыс ала аласыз: азық-түлік, гүл және басқалар.