Wolt деген не?

Жарияланды:

17 мамыр 2023

Лейла

Кез келген сұраққа жауап табамын 🕺🏻

Wolt деген не және ол қалай жұмыс істейді? Біздің сервис туралы ең танымал тоғыз сұраққа жауап береміз 🕺🏻 Сұрағыңызды таба алмадыңыз ба? Біздің қолдау қызмет чатына жазыңыз – кез келген мәселенің шешімін табамыз 💪🏻

Wolt деген не?

Қалай тапсырыс беруге болады?

Қалай тапсырыс беруге болады?

Біз тапсырыстарды қосымшамыз немесе wolt.com сайты арқылы қабылдаймыз. Қосымшаны жүктеп ал, тамақ, азық-түлік және басқа да тауарларды таңда, тапсырыс жаса – ал қалғанын біз шешеміз!

Қолма-қол төлеуге бола ма?

Қолма-қол төлеуге бола ма?

Иә, Wolt-та қолма-қол төлем бар! 💥 Бәрі өте оңай: сүйікті тағамдарыңызды таңдаңыз, төлем жасауға өтіңіз – және «Төлем әдістері» бөлімінде қолма-қол ақшаны таңдаңыз. Карта қажет емес! Ең бастысы – тапсырысты алған соң ғана төлейсіз. Біздің курьер төлемді қабылдайды, сондықтан қажетті соманы қолма-қол дайындап қойыңыз (картаға аударым жасалмайды 😉). Қолма-қол төлеммен ең жоғары тапсырыс сомасы – 15 000 ₸.

Неліктен Wolt картамнан бірден ақша шешіп алады?

Неліктен Wolt картамнан бірден ақша шешіп алады?

Тапсырыс жасағанда, ақша бірден шешілмейді. Ол тек сіз тапсырысты алғанша шотта бұғатталады. Курьер жеткізуді аяқтағаннан кейін ғана қаражат нақты шешіледі.

Wolt арқылы сәлемдеме жіберуге бола ма?

Wolt арқылы сәлемдеме жіберуге бола ма?

Біз сәлемдеме, хат немесе жазба тасымалдамаймыз. Біздің басты назарымыз – тағам мен тауарларды жеткізу, және біз оны өте жақсы орындаймыз. Бірақ болашақта не болатынын кім білсін? 😉

Неге менің тапсырысыма ұзақ уақыт кетіп жатыр?

Неге менің тапсырысыма ұзақ уақыт кетіп жатыр?

Әр жағдай әртүрлі. Кейде мекеме тапсырысты күткеннен ұзақтау дайындайды немесе курьер кептеліске түсіп қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда, біздің қолдау қызметіміз кешігу туралы хабарлайды. Түсіністік танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз 🙏🏻

Менің тапсырысым неге қабылданбады?

Менің тапсырысым неге қабылданбады?

Планшеттегі ақау, интернет қосылымының үзілуі, қажетті өнімдердің жоқтығы немесе мекемедегі жүктеме – себептер өте көп болуы мүмкін. Біздің қолдау қызметіміз барлық қабылданбаған тапсырыстарды қадағалайды, сондықтан егер сіздің тапсырысыңыз орындалмаса, бізден хабар күтіңіз! 🕺🏻

Бонустар деген не?

Бонустар деген не?

Бонустар – біздің қосымшадағы виртуалды ақша, оны тапсырыс төлеуге қолдануға болады. Оларды промокод арқылы алуға болады, бірақ тек бір рет. Кеңес! Басқа елдердің промокодтарын қолданбаңыз. Біз еуро бонустарды ауыстыра алмаймыз, тіпті қаласақ та 🙈

Менің мекенжайым жеткізу аймағына кіреді ме?

Менің мекенжайым жеткізу аймағына кіреді ме?

Өзекті жеткізу аймақтарын қосымшада таба аласыз. Егер біз әлі сіздің аймақта болмасақ – жақында боламыз! 🚀

Тапсырысымда бірдеңе дұрыс емес. Не істеуім керек?

Тапсырысымда бірдеңе дұрыс емес. Не істеуім керек?

Уайымдамаңыз! Бізге қолдау чатына жазыңыз: көмектесеміз, шешеміз, қолдаймыз! Бізбен байланысу үшін қосымшадағы аккаунт парақшаңызды ашып, «Қолдау қызметі» бөлімін таңдаңыз. Біз сізді күтеміз 💙