Көбірек сатып алушыларға қол жеткізіңіз және бөлшек сауда бизнесіңізді дамытыңыз

Wolt қызметімен серіктес болып, тұтынушыларға қазірдің өзінде сатып алатын жерде тауарларды ұсыныңыз.

Бізбен серіктестік неге икемдi?

Келесі тұтынушыңыз болатын жерінде болыңыз

Cатып алушыларыңызды жылдам жеткізумен қуантыңыз. Wolt-пен серіктес болып, сауда бизнесіңізді дамыта аласыз. Дүкеніңіз бар болса, сұраныс бойынша жылдам жеткізуді ұсыну үшін Wolt-те тіркеліңіз.

Қала бойынша қамтуды кеңейтіңіз

Wolt көмегімен өзіңіздің дүкеніңіздің физикалық қол жетімділігін кеңейте аласыз. Мекемеңіз рналасқан жерінен 4 км радиуста тұтынушыларға оңай қызмет көрсете аласыз.

Қалаңызды бізбен бірге жақсартыңыз

Wolt миссиясы - қалаларды жақсырақ жерлерге айналдыру. Біз жергілікті қауымдастықтарға және қоршаған ортаға тигізетін әсерімізді ескере отырып, серіктестерімізбен бірге мақсатқа сай әрекет жасаймыз.

Wolt қалай жұмыс істейді

Тұтынушы тапсырыс бергеннен кейін сіз Wolt merchant қосымшасында хабарландыру аласыз. Қызметкерлеріңіз тауарларды Wolt Merchant App Lite қосымшамыз арқылы жинайды да, оларды кассада сканерлейді. Wolt курьерлік серіктесі тапсырысты дүкеннен сатып алушыға тез және мұқият жеткізеді.

Жұмысты бастау

Тауарларыңызды Wolt қосымшасына жүктеуге көмектесеміз. Тұтынушыларға қолдау көрсету, ақшаны қайтару және төлемдерді өңдеу, соның ішінде алаяқтықтың алдын алу мәселелерімен айналысамыз. Біздің ауқымды "соңғы миль" логистикалық тәжірибемізбен бірге сіз өз бизнесіңізді дамытуға назар аудара аласыз.

Merchant App Lite уақытты үнемдейі

Уақыт өте құнды. Сондықтан біз бұл қосымшаны әр тапсырысқа 2-3 минут үнемдеу үшін арнайы әзірледік. Тауарларды ауыстыруды, тауарларды өлшеуді және түзетілген шот-фактураларды қолдаудың арқасында, Merchant App Lite қосымшасы қателерді 50%-ға дейін азайтады.

Жұмысты бастау өте оңай - бүгін тіркеліңіз

Тіркеліңіз және Wolt артықшыларын барынша пайдаланыңыз. Бизнесіңіз туралы бірнеше мәліметтерді толтырсаңыз, тез арада бізбен жұмыс істеуге бастай аласыз.

  • Өзіңіздің жарнамалық науқандарыңызды іске қосыңыз

    Қосымшаға келушілерді сатып алушыларға айналдырыңыз да, тегін жеткізу, жеңілдіктер және арнайы ұсыныстар сияқты өзін-өзі қаржыландыратын жарнамалық акциялар арқылы көрінуді арттырыңыз.

  • Электрондық коммерцияны ынталандыру үшін деректерді пайдаланыңыз

    Тұтынушылар мен бизнесіңізді жақсырақ түсінуге көмектесу үшін санат көрсеткіштері мен өнімділік есептеріне қол жеткізіңіз.

  • Өз әлеуетіңізді барынша пайдаланыңыз

    Wolt көмегімен сіз көбірек адамдарды жалдамай немесе жаңа орындарға кеңейтуді қажет етпей жаңа сатылымдар жасай аласыз. Бар ресурстарды пайдалана отырып, табыс пен пайданың өсуін көре аласыз.

Жергілікті сатушылар үшін кеңейтілген шешімдер

FAQ

Қосымша ақпарат қажет пе?

Мәліметтеріңізді толтырыңыз, біз сізге бірнеше күнде хабарласамыз.