Алмас қылыш. Көшпенділер
Трилогияның «Алмас қылыш» атты бірінші кітабында ХV-ХVІ ғасырлардағы Қазақ хандығының құрылуы, Дешті Қыпшақ ханы Әбілқайырдың кезінде қазақ руларының бірігіп, Қазақ хандығының қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілқайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің таққа, билікке таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар баяндалған.