Алтын Орда
Моңғол билеушілері қазақ руларын ұлыстарға бөлгеннен кейін, Дәшті Қыпшақта қазақ елі деген жаңа ұғым қалыптасқан. Трилогияның үшінші кітабы Алтын Орда билік еткен өңірдегі қазақ жерінде өткен ең басты оқиғаларды баяндайды: Тоқтамыстың Алтын Орда тағына отыруы, Тоқтамыс пен Ақсақ Темір әскерлерінің айқасы, Едігенің жорықтары сияқты оқиғалар бірінен кейін бірі жалғасып отырады.