Менің атым Қожа
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі — қазақ прозасының классикасына айналған туынды. Повесть кішкентай Қожаның оқушы кезінде бастан кешкен әртүрлі қызықты оқиғалары жайында. Ержеткенде жазушы болуды армандайтын бала Қожа қанша бұзықтық жасаса да, жақсы адам болуға талпынып, іс-әрекетін ақтап алуға тырысады.