Мұқанов С.: Ботагөз
«Ботагөз» романы — төңкерістік кезеңді шебер бейнелеген, қазақ еңбекшілерінің бостандық-теңдік жолындағы күресін көрсететін келелі туынды. Тарихи кезеңнің қиын-қыстау жылдарында бой жетіп, жаңа өмір үшін саналы күреске шығып, қоғамдық-саяси іске белсене араласқан Ботагөзден сол замандағы бүкіл қазақ әйелінің бейнесін көруге болады. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.