Памук О.: Үнсіз үй
Романдағы әр тараудан кейіпкерлердің ішкі монологын тыңдаймыз. Алдымен біз әкесінің жесіріне қарайласып жүрген 55 жастағы ергежейлі Режептің әңгімесін естиміз. Ол жападан-жалғыз киноға кеткен кезде біз 90-ға таяған Фатманың бөлмесінен бір-ақ шығамыз. Мұнда қария күнұзақ идеалист дәрігермен құрдымға кеткен некесі, өлгеніне қаншама жыл өтсе де діни және саяси көзқарастарына деген өкпесі жайлы ойларға беріліп жатады.