Ұлпан
Бас кейіпкері Есеней бүтін бір рудың билігін ұстаған аузы дуалы би, атақты бай, сондай-ақ жасында жауынгер, найзагер батыр да болған. Оның екі баласы бір күнде шешектен өлген. Елуден асып, ел ағасы болған еңсегей бойлы Есеней бір перзентке зар болып жүріп, өзінен қырық жас кіші Ұлпанға ғашық болады, сөйтіп, оны екінші әйелдікке алады. Айналасы он-он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды анаға айналады.